Көкшетауда қатты аяздан мектептерде сабақ болған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда қатты аяздан мектептерде сабақ болған жоқ

13.01.2021

Бүгін Көкшетауда және Ақмола облысының бірнеше ауданында мектептерте оқып жүрген 1 мен 5-сынып аралығындағы және 9-сынып оқушыларында сабақ болған жоқ. Себебі өңірде аяз. Минус 25-30 градус. Сабақ екі ауысымдағы оқушылар үшін де өтпеді. Дегенмен балалар бағдарламадан қалған жоқ. Себебі олар бүгін бір күнге қашықтан білім алуға қайта ауысты. Облыс орталығынан бөлек Зеренді, Ерейментау, Аршалы және Ақкөл аудандарындағы мектептерде сабақ өткен жоқ. Ал синоптиктердің айтуынша, аяз ертең де сақталады. Ауа-райы жұма күні жылынады деп күтілуде.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу