Әкімдердің есеп беру кездесулері жалғасуда. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылының әкімі бір жыл көлемінде атқарған жұмысы бойынша халық алдында есеп берді.
Өткен жылы жергілікті кәсіпкерлер 311 млн теңгеге 27 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған. Елді мекен құрамындағы екі ауылдағы мектептерге оқушыларды көлікпен тегін апарып-әкелу де жолға қойылған. Әкімнің айтуынша, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен 250 мың теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізілсе, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасымен 8 миллион теңгеге көшелерге қиыршық тас төселген. Ауылда таза ауызсу мәселесі де толық шешілген.
Самат САПАРАЛЫ