Түбі бір түркілердің тарихы мен тағдыры бір. Ел мен елдің арасын жақын ұстау мақсатында қазір түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясы белсенді жұмыс істеп келеді.
Бүгін Парламент Мәжілісінде осы ұйымның әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша парламенттік комитеттерінің үшінші отырысы өтті. Оған ұйымға мүше Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия және Қырғыз Республикасының өкілдері қатысып, алдағы жұмыстарды талқылады.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ