Елімізге 70 пайызға жуық сүт өнімдері шетелден жеткізіледі. Бізге кооперация керек. Субсидиялау тетіктерін өзгерту өнім өндірісі мен оны өңдеудегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Бұл туралы «Қазақстанның ет-сүт одағы» ЗТБ төрағасы Иван Сауэр мәлімдеді.
Сондай-ақ, жиында белгілі болғандай, елімізде ет экспортының әлеуетін арттыру бағдарламасы тұралап қалды.
Мамандардың айтуынша, ет экспортын 60 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік бар.
Индира БЕГАЙДАР