Cарапшылар партиялардың сайлау кезінде жаңа технологияларға көңіл бөлгенін құп көреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cарапшылар партиялардың сайлау кезінде жаңа технологияларға көңіл бөлгенін құп көреді

26.01.2016
Cарапшылар  партиялардың  сайлау кезінде  жаңа технологияларға көңіл бөлгенін құп көреді
Cарапшылар  партиялардың  сайлау кезінде  жаңа технологияларға көңіл бөлгенін құп көреді


Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметі бірлесіп ұйымдастырған «Парламенттік сайлау – 2016: жаңа мақсаттар мен жаңа мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Басқосуға жиналған сарапшылар мен саясаттанушылар 20 наурызда өтуі тиіс Парламент Мәжілісінің және жергілікті өкілетті органдардың сайлауына дайындық, қоғамның сайлауға қатысты көзқарасы, әлеуметтік зерттеулердің маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.

Жалпы, сайлау кезінде бұқараның қандай көңіл-күйде жүргенін білу, қоғамның тыныс-тіршілігін бағамдау өте маңызды болып саналады. Азаматтардың саяси белсенділігі мен билікке өз тілектерін білдіру мүмкіндігі де осы сайлау барысында қолжетімді болатыны рас. Демек, сайлауға қатысуға ниет танытқан саяси күштердің қоғамдағы ықпалы, алға қойған мақсаттары да айқын болуы тиіс. Өйткені, бұқара барлық саяси-экономикалық реформалардан, мемлекеттің, саяси партияларыдң қызметінен хабардар. Алайда, саяси партиялар сайлау науқаны қарсаңында өз тұғырнамаларын халықтың көңілінен шығатындай деңгейде таныстыру үшін де түрлі технологияларды қолдануға мәжбүр. Әсіресе, социологиялық зерттеулерге көңіл бөлген маңызды саналады. «Электоралды кезеңде социлогиялық зерттеулер маңызды рөл атқарады. Өйткені, азаматтардың көзқарастары мен саяси белсенділігін алдын ала анықтайтын әрі балама ақпарат көзі болып есептеледі. Бұл сайлау науқанының маңызды құралы. Электоралды кампания кезінде exit-poll, социлогиялық зерттеулер жүргізіледі. Бұл кезде кемі 2000 респонденттің арасында сауалнама жасалады. Одан бөлек, потсэлекторалды сауалнама да халықтың сайлау кезіндегі белсенділігін көрсетеді»,-деді басқосуға қатысқан ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия аймағындағы Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасова.

Ал, Президент жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік-саяси зертетулер бөлімінің жетекшісі Алуа Жолдыбалина болса сайлауды қоғамның әлеуметтенуіне және азаматтардың бір мақсатқа жұмылуына қосымша мүмкіндік беретін ресурс ретінде бағалап отыр. «Сайлау үнемі түрлі әлеуметтік топтар мен таптардың өз мүдделерін байқатуына мүмкіндік береді. Одан бөлек, сайлау азаматтардың мобилизациясы мен саяси әлеуметтенуінің ресурсы. Саяси элитаның рекрутын жасап, оның жаңалау арқылы саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің өздерін өздері бұқараға таныстыру тәсілі болып та саналады. Сайлаулар Қазақстанның жедел жаңғыруына, институттың реформалардың жаңа кезеңін жүзеге асыруына қажетті негіз болып есептеледі»,-деп атап өтті Алуа Жолдыбалина.

Дегенмен, саяси партяилардың заманауи технологияларды пайдалануы да өзекті. Өйткені, қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктерді саяси технология ретінде өзге жұрт жақсы пайдаланып жатыр. Яғни, интернет, әлеуметтік желі сынды ұғымдар сайлау кезінде пайдалануға таптырмас құралға айналған. «Саяси PR қазіргі кезде сайлау кампаниясының маңызды құралдарының бірі болып отыр. Саяси партиялар өз жұмыстарын онлай, интернет, краудсорсинг технологияларының көмегімен жандандыра түсуі керек. Бұл әсіресе сайлау алды тұғырнаманы қалыптастыру үшін маңызды»,-деді Л.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті Қанат Әуесбай

Ал, сарапшы Жарқын Түсіпбекұлы болса: «Саяси партиялар өз жұмыстарын әлеуметтік желілер арқылы да жандандыруы қажет. Әлеуметті кжелілер жаңа идеяларды, жобаларды талқылаудың, әлеуметтік топтардың өз мүдделерін алға тартуының тиімді алаңы болып саналады»,-дейді. Бір сөзбен айтқанда сарапшылар алдағы сайлауда саяси партяилардың жаңа технолгияларды пайдаланатындығына, халықтың белсенділігінің жоғары болатындығына сенім білдірді.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу