Бүгін Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады.
Шетелдік мейманның пікірінше, ядролық қарусыздану және оны таратпау үдерістерінде Қазақстанның үлесі зор.
Сондай-ақ, дипломат Мемлекет басшысының Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыру туралы бастамасын жоғары бағалады.
Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мирослав Енчаға биыл Астанада өтетін V Съезге әзірлік туралы баяндады.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ