Сергей Дьяченко Моңғолия депутаттарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сергей Дьяченко Моңғолия депутаттарымен кездесті

24.02.2015
Сергей Дьяченко Моңғолия депутаттарымен кездесті

Моңғолияның сыртқы саясатында Қазақстанның алар орны айрықша. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынас нығая түспек.

Бұл туралы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының депутаты, «Қазақстан-Моңғолия» ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық тобының жетекшісі Алмалық Тілейханмен кездесуінде айтылды.

Вице-спикер Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, Қазақ хандығының 550 жылдығы туралы әңгімелеп, бірқатар сыртқы саяси бағыттардан хабардар етті.

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу