Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралады

30.03.2018

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко бастаған депутаттар Қызылордада облыстық ассамблея өкілдерімен, ардагерлермен, ғалымдармен, сондай-ақ қала активімен, жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесті.

Басқосуларда Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының мән-маңызы айтылды. Сондай-ақ, депутаттар еліміздегі ауқымды индустриалдық жоба саналатын шыны зауытының құрылысын көрді. Кәсіпорынға қажетті құрал-жабдықтар түгел жеткізілген. Мамыр айынан бастап оларды орнату жұмыстары жүргізіледі.       

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

- Бұл экономиканы әртараптандыру тұрғысындағы маңызды жоба. Зауыт құрылысын тәжірибесі мол қытайлық компания ойдағыдай аяқтап, өндіріс орнын мерзімінде іске қосады деп ойлаймын. Жалпы, өңірдің экономикасы жақсы ілгерілеп келеді. Шикізаттық сектордан өнеркәсіптік бағытқа ден қойды. Соңғы бес жылда көптеген өндіріс орны ашылды. Шикізат барынша пайдаланылуда. Облыста шағын және орта кәсіпкерліктің де дамуы көңіл қуантады.

Мәжіліс депутаттары Целиноград ауданындағы іргелі кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті. Мақсат – Елбасының әлеуметтік бастамаларын егжей-тегжейлі түсіндіру. «Жалпы, жұртшылық жаңалықты жылы қабыл алуда»,-дейді депутаттар. Себебі, бес бастама халықтың мұқтажына бағытталып отыр. Жұмысшылармен өткен кездесуден соң Сергей Симонов пен Әлия Сапарова құс фабрикасына барды. Онда тауық етінен бірнеше өнім дайындалып Астана аумағына таратылады. 600-ден астам адам тұрақты қызметпен қамтылған. 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу