Сенат төрағасы Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысуда

07.02.2015
Сенат төрағасы Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысуда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен  Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 51-ші Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысуда.

Форумның бұл жолғы күн тәртібінде Украина шиеленісін реттеу мен «Ирак Левант Ислам мемлекеті» террористік тобының әрекетін басуға қатысты мәселелер бар.

Форум - қазіргі замандағы ең өзекті мәселелерді талқылауға арналған, белгілі саясаткерлер мен дипломаттар, қоғам қайраткерлері және кәсіпкерлер қатысатын беделді әрі танымал әлемдік алаң.

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатия және халықаралық қатынастар саласына инновациялық ұсыныстар әзірлеумен айналысатын мамандар тобына енген.  

 

Хабарламаларға жазылу