Мемлекет басшысының Мюнхен қаласына жұмыс сапары басталды

14.02.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен барып, 56-шы қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясына қатысты.

Мемлекет басшысы «BAY WA AG» компаниясының басшысымен, «REVERSE LOGISTICS SYSTEMS компаниясының басқарма төрағасы ПАТРИК ВИДЕМАННмен және RHENUS PORT LOGISTICS» компаниясының бас директоры Михаэль Виферспен кездесті. Бұл компаниялар біздің нарықта жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бірнеше кездесулерден кейін арнайы шақырумен келген Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты.

Ертең Мемлекет басшысы Орталық азияның бүгінгі ахуалына арналған тақырып төңірегінде панелдік сессияда сөз сөйлейді. Одан соң, Кувейттің премьер-министрімен, Ауханстан президентімен, Әзірбайжан президентімен кездеседі деп жоспарланған. Бұдан бөлек, халықаралық ұйым басшыларымен, әлемге аты мәшһүр компаниялардың жетекшілерімен кездесу көзделген.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу