Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру - «Нұр Отан» партиясының әрбір мүшесінің басты міндеті. Партияның Жамбыл облыстық филиалының есеп беру - сайлау конференциясында стратегиялық іс-қимылдарды іске асыру жолдары нақтыланды. Өңірдің экономикасында ауылшаруашылығы саласының үлесі басым. Сондықтан алдағы уақытта жылыжайлар аумағын арттыру, көкөніс сақтау қоймаларын көбейтумен қатар инфрақұрылымдық жүйелерді дамытуға айырықша көңіл бөлінбек.
Сондай-ақ, өндірісті өркендету, тұрғын үй құрылысын жандандыруға да атқарушы билік барынша күш салатын болады.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ