Сенаттың жаңа құрамы жұмысқа кірісті (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаттың жаңа құрамы жұмысқа кірісті (толығырақ)

17.10.2014
Сенаттың жаңа құрамы жұмысқа кірісті (толығырақ)

Бүгін Сенаттың жалпы отырысы алғаш рет жаңа сайланған құрамда өтті. Сайланған 16 депутаттың төртеуі - бұрынғы сенаторлар. Атап айтқанда,  Сәрсенбай Еңсегенов, Ерболат Мұқаев, Михаил Бортник пен Сергей Плотников екінші мәрте өз сайлаушыларының сеніміне ие болды.

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өкілеттік мерзімі аяқталған халық қалаулыларына ел игілігі жолындағы қажырлы еңбектері  әріптестерімен қатар, бірлесе жұмыс істеген Үкімет мүшелері, сондай-ақ қоғам үшін  жоғары бағаға ие екенін де атап өтті.

Сондай-ақ, отырыс барысында комитеттер төрағаларына кандидаттар ұсынылды.

Индира БЕГАЙДАР 

Хабарламаларға жазылу