Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық консультативтік кеңестің мүшелерімен кездесті.
Кездесуге Австрия Республикасының бұрынғы Федералдық канцлері Альфред Гузенбауэр, Польша Республикасының бұрынғы Президенті Александр Квасьневский, сондай-ақ Италия Республикасының бұрынғы Премьер-министрі және Еуропалық Комиссияның бұрынғы төрағасы Романо Проди қатысты.
Сенат басшысы меймандарды Қазақстан Парламентінің құрылымы және қызметімен таныстырды, сондай-ақ, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының Женевада өткен сессиясы туралы хабардар етті. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылай келіп, басқосуға жиылғандар Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинадағы жағдайды реттеуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.