«Қазақстан» РТРК» АҚ Директорлар кеңесі жанындағы эксперттік-консультативтік Кеңестің I отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Директорлар кеңесі жанындағы эксперттік-консультативтік Кеңестің I отырысы өтті

27.06.2014
«Қазақстан» РТРК» АҚ Директорлар кеңесі жанындағы эксперттік-консультативтік Кеңестің I отырысы өтті
 
Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаевтың қатысуымен «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Директорлар Кеңесі жанындағы эксперттік-консультативтік Кеңестің I отырысы болды.
 
Сонымен қатар, Кеңес жұмысына «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы Нұржан Мұхамеджанова, Халықаралық Телерадиотаратушылар ассоциациясының Бас директоры Саймон Спэнсвик, «Ресей Радиосы» Мемлекеттік радиотаратушы компаниясының директоры Вячеслав Умановский мен BBC Advertising аймақтық өкілдігінің басшысы Сергей Становкин қатысты.
 
Кеңес отырысы кезінде медиа және коммуникациялар саласына қатысты бірқатар мәселелер қаралып, талқыға салынды. Оның ішінде Кеңес мүшелерімен өзара қарым-қатынас орнату бағыттары, медиа-активтерді басқару саласындағы халықаралық тәжірибедегі озық үлгілер, бизнес-үдерістерді жетілдіру, техникалық және ақпараттық жаңарту мен «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселесі талқыланды.

Хабарламаларға жазылу