ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында экология, экономика проблемалары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында экология, экономика проблемалары талқыланды

04.10.2014
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында экология, экономика проблемалары талқыланды

Женевада өтіп жатқан Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясының күзгі отырысының екінші күні депутаттар экологиялық және экономикалық проблемаларды талқылады.

Жиында сөз алған Әзірбайжан сенаторлары Армениямен шекаралас өзендердің проблемасын көтерді. Мәселені шешу үшін Әзірбайжандықтар ОБСЕ басшыларынан көмек сұрады.

Сондай-ақ, отырыс барысында делегаттар дағдарыспен күресті күшейту қажеттігін айтты.

Ұйымның қазіргі төрағасы, Швейцария конфедерациясының Президенті Дидье Буркхальтер бұл ретте Қазақстанның дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасының маңыздылығына тоқталды. 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу