Сайлау барысы ЕҚЫҰ байқаушыларының назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау барысы ЕҚЫҰ байқаушыларының назарында

19.03.2023

Сайлаудың әділ өтуін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының миссиясы да мұқият бақылап отыр. Таңғы сағат 07:00-ден бастап байқаушылар ұйымның Парламенттік Ассамблеясы делегациясымен бірге дауыс беру процесін қадағалауда. 350-ден астам байқаушы әлеуметтік желілер мен сайлау учаскелерінің жұмысын назарға алған. 

Оуэн Мерфи, ЕҚЫҰ ДИАҚБ Сайлауды қадағалау жөніндегі миссиясының басшысы:

Біздің байқаушылар сағат сайын әр өңірден жедел ақпарат жіберіп жатыр. Сайлау процесін жүйелі түрде қадағалап отырмыз. Сондықтан, ертең сағат 15:00-де ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясымен бірлесіп, өзіміздің жұмысымыздың алдын ала қорытындысын жариялаймыз.

Әйгерім Таңшолпан

Хабарламаларға жазылу