Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов Чехия Республикасы депутаттар Палатасының вице-спикері Войтех Филип бастаған парламенттік делегация мүшелерімен кездесті. Чехия – Қазақстанның сауда-экономикалық және саяси әріптесі. Сол себепті тараптар барлық сала бойынша пікір алмасты. Әсіресе, энергетика, көлік, білім және денсаулық сақтау бағытындағы ынтымақтастыққа айрықша назар аударды.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ