Ынтымақтастық беки түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ынтымақтастық беки түседі

21.08.2014
Ынтымақтастық беки түседі

Николай Бордюжамен Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ұйымға мүше мемлекеттердің өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады. Екі тарап мүше-мемлекеттер қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ұйым әлеуетін арттыруға Қазақстанның ұмтылысын мәлімдеді.

Николай Бордюжа сонымен қатар, 2014 жылы 3 сәуірде Мәскеу қаласында өткен Ұйым мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысының қорытындыларына разылығын білдірді. Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзге де тұстары талқыға салынды.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ                                                     

Хабарламаларға жазылу