Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық беки түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық беки түспек

11.06.2021

Пандемия кезінде де Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық байланыс арта түспек. Қиын кезеңге қарамастан 2020 жылы бауырлас екі ел арасындағы тауар айналымы 3 млрд доллардан асқан. Бұдан бөлек әлеуметтік, медиа саласындағы байланыстар да нығайды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Анкарада Қазақстанның Түркиядағы елшісі шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Жиында тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктері сараланды. Мемлекеттер арасындағы байланысты бекемдеуде үлес қосқан қоғам қайраткерлері мен журналистер марапатталды.

Якуб Өмероғлу, Еуразия жазушылар одағының төрағасы:
Біз қазақ әдебиетінен, қазақ ақын-жазушыларынан 60-қа жақын кітап шығардық. Олар арқылы түрік оқырманы қазақ халқын таниды, қазақтың рухын таниды. Осы күндері Қазақстан мен Түркияның байланысы өте жақсы. Экономика жағынан, әдебиет жағынан байланыстарымыз мықты болсын. Ақпарат жағынан бір бірімізден жақсы хабарлар алып тұрайық. Бірі біріміздің жақсылықтарымызға қуанайық.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу