Елордаға қызыға қарайтын мемлекеттер көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордаға қызыға қарайтын мемлекеттер көп

20.06.2014
Елордаға қызыға қарайтын мемлекеттер көп
 
 Бүгінде Елордаға қызыға қарайтын мемлекеттер көп. Аз ғана уақыттың ішінде Астана ажарланды, көркейді, дамыды.
 
Жалпы,  біздің ел әлем саясаткерлері мен көшбасшыларының тарапынан жоғары бағаға ие болып отыр.
 
Олар  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне тәнті.
 
Георге Иванов, Македония Республикасының президенті:
Мен Астанаға соңғы рет 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитіне барған болатынмын. Өз таңданысымды жасыра алар емеспін. Қазақстан астанасы соңғы жылдары әлемдік деңгейдегі заманауи мегаполиске айналды. Астана өзінің керемет архитектурасымен, әсем ғимараттарымен ерекше. Ол өзгелерден өзінің мәдени ортасымен, қайталанбас келбетімен, колоритімен ерекшеленеді. Бұл - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен дүниеге келген ғажайып қала.
 
Хайнц Фишер, Австрияның Федералды президенті:
Өткен 20 жылдықтың ішінде Сіз үнемі екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатынасты арттыру керектігін алға тарттыңыз. Австрия келешекте Қазақстанмен ынтымақтастықты бекіте түсу үшін бар күш-жігерін салатынын сеніммен айта аламын. Қай сала болса да, біз Қазақстан сияқты мемлекетпен әрқашан әріптес боламыз. Бұл - екі тарап үшін де маңызды.
 
Арнольд Рюйтель, Эстония экс-президенті:
Мен сіздің соңғы жылдары халықаралық деңгейде жеткен жетістіктеріңізді атап өткім келеді. Сіздің демократиялық реформаларды жүзеге асырудағы ауқымды жұмысыңыздың барлығы Қазақстанның жетекші ұлт және Еуразия аумағындағы заманауи қоғам болып қалыптасуына бағытталған. 2008 жылы менің Қазақстанға іссапарым кезіндегі кездесуді жылы еске аламын. Біздің әңгімеміз Сіздің мақсатыңыздың айқын, жоспарыңыздың ауқымды екендігін көрсетті. Алдағы уақытта да Қазақстан сіздің жүйелі саясатыңыз бен мықты қабілетіңіздің арқасында толайым табыстарға кенеледі, деген сенімдемін.
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу