Сарапшылар: Әлемдегі ахуал күрделенген тұста осындай диалог алаңдарының маңызы жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар: Әлемдегі ахуал күрделенген тұста осындай диалог алаңдарының маңызы жоғары

13.10.2022

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі осы құрлықтағы елдердің ортақ мәмілеге келуіне жағдай жасайды. Себебі мемлекеттер бұл ұйымға ұстанған саяси бағыты мен ұстамына қарай емес, географиялық орналасуына байланысты мүше болады. Сарапшылар әлемдегі ахуал күрделенген тұста осындай диалог алаңдарының маңызы жоғары екенін айтады.

Айдар Құрмашев, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:

Басқа ұйымдарды қарайтын болсақ, олар саяси және басқа да тар мамандандырылған ұйымдар болып табылады да. Мұндай қарама-қайшылықтары бар мемлекеттер ондайға қатыспайды. Бірақ та Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне олар қатысуда. Және диалогты бастауға, және белгілі бір шараларға қатысуға мүмкіндік тудырады.

Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу