Мұсағали Дуамбеков атындағы аллея ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұсағали Дуамбеков атындағы аллея ашылды

10.05.2021
Мұсағали Дуамбеков атындағы аллея ашылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында қоғам қайраткері Мұсағали Дуамбеков атындағы аллея мен мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды. Бұл басқосу тұлғаның туғанына 60 жыл толуына арналды.

Игі шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, Қазақстанның табиғатты қорғау ұйымдарының қауымдастығы, Халықаралық Экология академиясының ұйымдастыруымен өтті. Саяси қайраткерді еске алу шарасына Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, үкіметтік емес ұйымдардың, оқу орындарының және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мұсағали Дуамбеков 15 жылдан астам уақыт бойы экологиялық таза өнімдер, қызметтер мен процестер индустриясын дамытуға үлес қосты. Оның басшылығымен Халықаралық Экология академиясы TC / ISO 2007 «Экологиялық менеджмент» стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйымының және Экологиялық маркалаудың ғаламдық жүйесінің (GlobalEcolabellingNetwork (GEN) толық мүшелігіне өтті. Ол ғұмыр бойы азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау, жасыл экономика мен экологияны дамытуға елеулі еңбек сіңірді.


мұсағали дуамбеков эколог

Хабарламаларға жазылу