Қазақстандық кәсіпкерлер Кедендік одақ елдері ғана емес, басқа да мемлекеттердің нарығына шыға бастады. Бұған бір мысал, Петропавл кондитер фабрикасы. Кәсіпорында шығарылатын өнімнің 20-30 пайызы қазір Моңғолияға экспортталуда.
Кәсіпорын айына 90 тоннаға жуық өнім өндіреді. Тауардың басым бөлігі ішкі нарыққа, 30 пайызы экспортқа шығарылады. Қазір бұл фабрикада 85 адам тұрақты жұмыс істейді.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ