СҚО-да «Еңбек» бағдарламасы арқылы салынған үйлер көгеріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да «Еңбек» бағдарламасы арқылы салынған үйлер көгеріп жатыр

20.11.2020
СҚО-да «Еңбек» бағдарламасы арқылы салынған үйлер көгеріп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Астрахан ауылының тұрғындары әлеуметтік желіде «Еңбек» бағдарламасы аясында алған үйлерінің сапасын көрсеткен.

Қыс түскенде үйлерді сыз басып, қабырғалары көгеріп кеткен. Әрі үйлер өте суық. Осы мәселеге қатысты СҚО әкімі Құмар Ақсақалов тапсырма беріп, қызметтік тексеру өткен.

«Еңбек күші өте көп өңірлерден көшіп келген азаматтарға арнап СҚО-ның Аққайың ауданында салынған жер үйлердің кемшіліктерін уақытында жоймағаны үшін Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаевқа қатаң сөгіс жарияланды», - деп жазған СҚО әкімдігінің ресми ресурсы.

СҚО әкімі енді осы үйлерді тез арада жөндеу керек деп тапсырма беріп отыр.

Айта кетейік, «Еңбек» бағдарламасы арқылы оңтүстіктен солтүстікке көшіп келген азаматтардың үйлері былтыр ғана салынған болатын.


Сурет pkzsk.info сайтынан алынды 

Хабарламаларға жазылу