Қазақстанда АИ-92 маркалы бензині тапшы. Жанармайдың азайғандығы осы жылдың қаңтар айында байқалған.
Мәселен, биылғы қаңтар, ақпан айларында бөлінген бензин көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 20 пайызға төмендеген.
Ал, осы айда бензин былтырғы жылмен салыстырғанда 2,6 есеге азайған.
АИ-92 бензинінің көтерме бағасы бөлшек саудадағы құнын қуып жетті. Тонналап алсаң 115 теңге, литрлеп сатсаң да сол 115 теңге.
Жанармайды әкелген жол шығынын қоссаң, пайдадан гөрі шығыны басымырақ, дейді кәсіпкерлер.
Ал, мемлекет тарапынан жанармайдың бөлшек саудадағы бағасына шектеу бар.
Сәкен Сейітханұлы