Мәжіліс Төрағасы Жапония елшісімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс Төрағасы Жапония елшісімен кездесті

26.03.2014
Мәжіліс Төрағасы Жапония елшісімен кездесті
Ядролық қаруды таратпау мен атомды бейбіт мақсатта пайдалану - әлемдегі тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздік кепілі. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Жапонияның Қазақстандағы елшісі Масаеси Камохараның бүгінгі кездесуінде осы тақырып талқыланды.
 
Нығматулин бірден Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қауіпсіздік жолындағы бастамаларының өзектілігіне тоқталды. Оны кеше ғана Гаагада өткен жаһандық саммит дәлелдеп берді, деді төраға.
 
Мәртебелі мейман жаһандық тұрақтылықтың сақталуына Жапонияның да мүдделі екенін жеткізді. Одан әрі тараптар парламентаралық қарым-қатынасты нығайту жөнінде әңгімелесті. Кездесу соңында Нұрлан Нығматулин жапондық компанияларды EXPO-2017 көрмесіне атсалысуға шақырды.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу