Түркістан облысының екі ауданында 150-ге жуық отбасы әлеуметтік көмекті заңсыз алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысының екі ауданында 150-ге жуық отбасы әлеуметтік көмекті заңсыз алған

23.08.2019

Түркістан облысы Жетісай және Мақтаарал аудандарында көпбалалы отбасыларға тиесілі қаржылай көмекті ауқатты азаматтар алып келген. Олар өздерінің отбасылық табысын жасырып, көмекке мұқтаж жандардың санатына еніп кеткен. Екі ауданда ұзын саны 150-ге тарта отбасының мемлекет қаржысын заңсыз алып келгені белгілі болды. Оның 117-не қайта есеп-қисап жүргізіп, артық алынған жәрдемақыны қазынаға қайтару жайы ескертілді.

Жалпы, атаулы әлеуметтік көмектің мұқтаж азаматтарға жетпей жатқаны және құзырлы орындардағы құйтырқы әрекеттер туралы соңғы 7 айда «Nur Otan» партиясына 4 мыңнан астам арыз шағым түскен. Оның тең жартысынан көбін Мырзашөл өңірінің тұрғындары жолдаған. Осыған орай бұл аудандарда арнайы зерделеу топтары құрылып, 1400-дей отбасының қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілді.

Бейсен Тәжібаев, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Соңғы мәліметтер бойынша, Мақтаарал ауданында 105 отбасыға қаржы артық төлені анықталды. Сондай-ақ, 5 отбасы мүлдем заңсыз алған.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу