Қазақстанда жолаушылар пойызында темекі тартуға тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жолаушылар пойызында темекі тартуға тыйым салынады

21.08.2019

Қазақстанда жолаушылар пойызында темекі тартуға тыйым салынады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері мәлімдеді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жарлығымен жаңа ереже тамыздың 28-нен бастап күшіне енеді. Бұған дейін вагондар арасындағы жабық орындарда шылым шегуге рұқсат етілетін. Темекі түтініне шағымданушылар көп болғандықтан, компания осындай шешім қабылдаған. Ал тыйымды елемегендер 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. «Жолаушылар тасымалының» тағы бір жаңалығы бар. 

Диас Ахметшәріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі:

Өткен жылы енгізілген 1000 теңге алымды алып тастадық. Қазір билет қайтарған кезде сізден мың теңгені алмайды. Егер билет бір сағат қалған кезде пойыздың жүруіне немесе бір сағат пойыз жүріп кеткеннен кейін сізге билет құнының 70 пайызын қайтарады. 30 пайызын ұстап қалады. Ал бұрынғы 1000 теңгені алып тастадық.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу