Алматылықтар енді қалалық бюджетті бөлуге араласа алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар енді қалалық бюджетті бөлуге араласа алады

20.08.2019

Алматылықтар енді қалалық бюджетті бөлуге араласа алады. Яғни әкімдік өкілдері «Бюджетке қатысу» атты жаңа жобаны қолға алды.

Осыған сай, азаматтар түрлі әлеуметтік жобаларды ұсынып, оны қалалық бюджет есебінен іске асырады. Бірақ бір жобаның құны 100 миллион теңгеден аспауы тиіс. Жобаны жүзеге асыру үшін тұрғындардың 10 пайыз дауысын жинауы маңызды. Жобаларды қабылдау «budget.open-almaty.kz» порталы арқылы 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Арнайы комиссияның шешімімен іріктелген ұсыныстар онлайн портал арқылы халық талқысына түседі.

Жанар Жазылтаева, Қалалық стратегия және бюджет басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Біз бірінші рет осы жобаны жасап отырмыз. Мысалы, сізде ұсыныстар қыс уақытында туылса да, ол кезде біз сізге міне деп ақшаны бере алмаймыз. Себебі бюджет нақтылау керек. Ол нақтылау Мәслихатта қарастырылады.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу