Елордада Халықаралық Гарвард конференциясының ашылу салтанаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Халықаралық Гарвард конференциясының ашылу салтанаты өтті

16.08.2019

Елордада Халықаралық Гарвард конференциясының ашылу салтанаты өтті. Ауқымды шара Назарбаев Университетімен бірлесе ұйымдастырылды. Форум 40-тан астам елден келген 500-дей студент пен жас көшбасшылардың басын біріктірді. Осылайша, Назарбаев Университеті 4 күнге халықаралық мәдениеттер мен дәстүрлерді біріктіретін орталыққа айналады. Аталмыш конференци бүкіл Азия-Тынық мұхиты аймағы үшін маңызды.  Сондай-ақ бұл қазақстандық жастарға әлемдік масштабтағы мәселелердің шешілуіне өз үлесін қосуға теңдессіз мүмкіндік бермек. Осы іс-шара аясында әлеуметтік саясат, геосаясат, ғылыми технологиялар сынды 6 түрлі бағыттағы семинарлар мен пленарлық сессиялар өтеді. 

Шивам Батт, Азия және халықаралық қатынастар үшін  гарвард колледжі жобасының атқарушы директоры:

Конференцияға қатысушылардың ортақ мүддесі – әлемді жақсарту. Қазақстандық студенттердің осы форум аясында талқыланатын тақырыптары бойынша өз айтары бар деп ойлаймын. Жиында Азия алдында тұрған ең маңызды экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелер талқыланбақ. Осындай шараларды жиі өткізіп тұру керек деген пікірдемін.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ 

 

 

Хабарламаларға жазылу