III халықаралық өнер фестивалінің ашылу салтанаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

III халықаралық өнер фестивалінің ашылу салтанаты өтті

21.06.2014
III халықаралық өнер фестивалінің ашылу салтанаты өтті
Астанада III халықаралық өнер фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Дәстүрлі шараның алқашқы күнінде Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті.
 
Сексен адамнан құралған топ, қазақтың халық күйлері мен Шәмші Қалдаяқов сынды танымал композиторлардың туындыларын орындады. Сондай-ақ, фестивальда есімі елге енді ғана таныла бастаған, жас әншілерде өнер көрсетті.
 
Екі жарым сағатқа созылған концерттік бағдарламаны елорда тұрғындары тегін тамашалады. Айта кетейік, фестивальдің екінші күні бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. Онда қала тұрғындары Ресейдің жезтаңдай әншісі Олег Погудиннің өнерін тамашалай алады.
 
Еркебұлан Мүсіреп, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі:
Үш күндей дайындық жасадық. Әсіресе, қазақ композиторларының Құрманғазыдан бастап, Тәттімбет, Дәулеткерей аталарымыздың күйлері, шығармалары орындалуда.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ
 
 
 
 
 
 
 

Хабарламаларға жазылу