Арыстағы оқ-дәрі қоймасы тазартылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстағы оқ-дәрі қоймасы тазартылып жатыр

12.08.2019

Инженерлік-саперлік топ Арыс қаласындағы оқ-дәрі сақтайтын қойманы тазартуды бастады. Олар бұған дейін қаланы қауіпсіз ету ісімен айналысқан еді. Жұмыс барысын апта сайын бақылап тұратын Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әрі қарайғы қалпына келтіру мен жою жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырма берді. Бұл міндетті орындауға қосалқы жасақтың әскери қызметкерлері тартылған.

Осы аралықта қала аумағынан 150 мыңнан астам қалдық табылыпты. Саперлер 1200-ден астам шақырымды тазартқан. Ал егер тұрғындар күмәнді бір нәрсеге кезіге қалса, өз бетінше әрекет етпеуді ескертті. Жедел топқа хабарлануы тиіс.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу