Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі мүшелерін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі мүшелерін қабылдады

09.08.2019

Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі өкілдері палатасының мүшелері Девин Нуньес пен Рик Кроуфордты қабылдады. Кездесуде екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестік аясын кеңейту жайы талқыланды. «Елдеріміздің өзара табысты іс-қимылдарының маңызды бағыты — қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласы», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ал америкалық конгресмендер Қазақстанның Орталық Азиядағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайтудағы рөліне жоғары баға берді.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу