Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісіне тапсырма берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісіне тапсырма берді

14.04.2021

Президент еліміздің АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонмен арадағы кең ауқымды стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екеніне назар аударды. Қазір АҚШ Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы. Барлық салалар бойынша ынтымақтастық та белсенді дамып келе жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Ашықбаевқа Ақ үй әкімшілігімен өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға бағытталған бірқатар тапсырма берді.  

Оңғар Алпысбаев

Хабарламаларға жазылу