Петропавлда 200-ге жуық отбасы апаттық үйде тұрып жатыр. Көбінің іргетасы шөгіп, шатырынан су ағып құлаудың аз-ақ алдында тұр. Ал жергілікті билік ескі үй тұрғындарын көшіруге асығар емес. Жалпы қазіргі күні қалада апаттық деп танылған 17 тұрғын үй бар.
Новокшановтар отбасының Набережный көшесіндегі мына үйде тұрып жатқанына 7 жылдан асты. Осыдан 4 жыл бұрын үйлері апатты деп танылған. Ылғалдың салдарынан қабырғалары сызданып, сылағы түсіп қалды.
Василий Новокшанов, қала тұрғыны:
Әне құлап, түсіп жатыр. Сасық, жазда терезелерді ашып қойып жатамыз, қыста амал жоқ шыдаймыз. Басқа барар жеріміз жоқ. Айттық, сұрадық, құлақ асқан ешкім жоқ.
Николай, қала тұрғыны:
Еш қайран жоқ, сұрадық талай рет барып. Күтіңдер дейді. Міне, өз күшімізбен іргесін бекітіп жатырмын, ертең жаңбыр суы кірмес үшін. Асты жай да көлкім кетеді.
Жасы тоқсанға таяған қос қария әкімдікке талай барып, талай табалдырықты тоздырды. Бірақ ондағылар: «Кезек бойынша тек 2030-ыншы жылдан кейін бірақ аласыздар»,- деп шығарып салған.
Сағындық Сәбитұлы, тілші:
Бұл үй 1954 жылы салынған. 65 жылдың ішінде іргетасы шөгіп, жерге кіріп кетіпті. Ал балконның бетоны үгітіліп, тұрғындарға қауіп төндіріп тұр.
Әкімдіктің есебі бойынша апаттық үйлерді сырылып, орнына жаңа баспаналар тұрғызып жатыр. Мысалға, Первомай көшесіндегі мына үйде тұрған 34 отбасының 28-іне Береке ықшам ауданынан пәтер берілген.
Әсем Айтулова, қалалық ТҮКШ бас маманы:
Апатты үйлердің орнына берілетін жаңа пәтерлердің аумағы ескі үйлеріндегімен бірдей. Мысалға, ескі үйде 60 шаршы метр болса жаңасында да тура сондай болады. Бұл — таза айырбас. Ешкім ақша төлемейді.
Ал Набережный көшесіндегі мына үйдің тұрғындары болса жаңа баспанаға кіру бақыты қашан бұйырарын күтіп жүр. «Әзірге өз күштерімен кәрізді жөндеп, қолқаны қабатын сасық иістен құтылсақ»,-дейді. Күзде тақап қалды.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ