Петропавлда көпқабатты үйдің тұрғындары қыста жылусыз қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда көпқабатты үйдің тұрғындары қыста жылусыз қалуы мүмкін

19.09.2022

Петропавлда көпқабатты үйдің тұрғындары қыста жылусыз қалуы мүмкін.

Жарты жыл бұрын тапсырылған нысанда әлі күнге ыстық су жоқ. Мердігер құжаттарды рәсімдеп, пәтерлерді сатқанымен, құрылыс жұмыстарын толық аяқтамаған. Үйге жылу құбырлары тартылған, алайда орталық жүйеге қосылмаған. Құрылыс компаниясы директорының сөзіне сеніп, жаңа пәтерлерге жөндеу жұмыстарын жасаған иелері, қыста үй қатып қалып, шаш етектен шығынға батамыз ба деп алаңдайды. Қалада жылыту маусымы келер аптада басталады деп жоспарланған.

Серік Жампейісов, зейнеткер:

Қазір үйде жылу жоқтығынан, ыстық су жоқтықтан үй салқын. Сондықтан дүкеннен пеш алып, сонымен үйді жылтып отырмыз. Егер үйді осылай жылытпасақ, істеген жөндеу жұмыстарының бәрі бүлініп, ылғал болады. Тұру мүмкін емес болады.

Бұдан өзге, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған тағы екі үйге жылу уақытында берілмеуі мүмкін. Баспаналар екі жыл бұрын әкімдік кезегінде тұрған азаматтарға берілген. Қазір онда 200-ге тарта отбасы тұрып жатыр.

Әсем Айтолла, Петропавл қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

Инженерлік желілер толық тартылды, ол үйлерге. Текникалық жұмыстардың барлығы 100 прайыз орындалды. Енді тұрғындар өздері «Аксес-Энергоға» өтініш жасауы тиіс, жаңағы жылы су беруі үшін, ыстық су беруі үшін. Ол үшін оларға ОСИ құру қажет.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу