Ауылда саябақ ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылда саябақ ашылды

07.08.2019

Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Шырғанақ ауылы 90 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Құрамында алты елді мекені бар ауылдық аумақта үш мың тұрғын бар.

Сондықтан, Қарқара етегіндегі бұл думанға жиналған жұрттың қатары қалың. Шырғанақтың тоқсан жылдық тойына орай саябақ ашылды. Сондай-ақ, Кеген ауданы Тоғызбұлақ ауылында әйгілі әнші-композитор Қапез Байғабылұлының мұрасын жаңғыртуға арналған алқалы басқосу өтті. Репрессия құрбаны болған ақын Қапез Байғабылұлының рухын асқақтату тәуелсіз еліміздің мерейін асырады,- дейді көпшілік алдында сөз алған ғалымдар. Себебі, осы өлкеде туып өскен Қапез алты Алашқа мұра болар туынды қалдырғаналып тұлға.

Сағатбек Медеубеков, жазушы:

Қайраткерлігін, жыршылығын, ақындығын әлі толық зерттеугетиіс адам. Енді, Қапездің атын бүкіл ел біледі. Менің ендігі ойым, Құдай қаласаекі жылдан кейін 125 жылдық мерейтойы. Осыны республикалық деңгейде атап өтукерек. Ол ұрпаққа керек.

 

Нұрлан Асқарұлы

Хабарламаларға жазылу