Іле өңірінде жаңа саябақ ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Іле өңірінде жаңа саябақ ашылды

09.10.2019

Алматы облысының Іле ауданында алғаш рет осы заманға сай үлгідегі жаңа саябақ ашылды.

Ұзындығы 300 метр, ені 10 метр болатын демалыс орнында қарттар мен жастардың уақытты тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған. Паркте ерекше стильдегі орындықтар, субұрқақ, дүкендер бар. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануы үшін спорттық құралдар орнатылып, балаларға арналған ойын алаңдары салынған. 

Мақсат Сейдалиев, Өтеген батыр ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Бұл - жастардың саябағы. Жастар жылына ауданның қосқан үлкен шашуы, тартуы болып отыр. 

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу