Сапарда салынған суреттер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сапарда салынған суреттер

06.08.2019

Сапарда салынған суреттер. Елордада «Азия шыңдары» халықаралық көрмесі ашылды. Онда қойылған туындылар Ыстықкөлдің оң жақ жағалауындағы тұмса табиғатпен қатар тұрғындардың дүние-танымынан сыр шертеді. Қылқалам шеберлерінің бірлескен жобасы арқылы Еуразиялық шығармашылық гильдия мүшелерімен танысып, жас таланттарды қолдау негізге алынған. Суретшілерге достық үйінен көркемдік шеберлік сыныбын ашуға ұсыныс жасалды. Енді өнер иелері Азия шыңдары көрмесін Еуропаға танытуға күш салып жатыр.

Бибігүл Смақова, «Азия шыңдары» жобасының бірлескен авторы:

Біз Еуропаға еліміздің керемет көріністерін көрсеткіміз келеді. Қазақстанды, Қырғызстанды. Біздің тау-тас, маңғаз дала, ғажап адамдарымызды, барлығын-барлығын таныстырамыз. Қазір дайындық қызу. Көрме қазан айына жоспарланған. Бірақ ондағы көрме көпшілік назарына модерн стилінде ұсынылады.

 

Хабарламаларға жазылу