Мүмкіндігі шектеулі жандар жүргізуші куәлігін алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі жандар жүргізуші куәлігін алды

05.08.2019

Петропавлдық Сәлімхан Сәбитов - жігері жасымаған жандардың бірі. Тірек-қимыл жүйесі зақымдалған. Бірақ ол мойымай, өз замандастарына үлгі болып жүр. Биыл мүгедектерге арналған автомектеп ашып, алғашқы жүргізушілерді даярлап шығарды.

Көлік жүргізу - Екатеринаның көптен бергі арманы. Биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мектеп ашылғанын естіп, алғашқылардың бірі болып жазылды. Арнайы курстан өтіп, темір тұлпарды тізгіндеді.

Екатерина Залецкая, қала тұрғыны:

Алғашында қорықтым. Бірақ рөлге отырғасын ол үрейден арылып, тез үйреніп кеттім. Өте қуаныштымын.

Петропавлда 1800-ге жуық мүгедек болса, олардың 800-ден астамының тірек-қимыл жүйесінде ақау бар. Бірақ автокөлік жүргізіп, жүріс-тұрыстарын жеңілдеткісі келеді. Бүгін 4 адам жүргізуші куәлігіне ие болды.

Сәлімхан Сәбитов, автомектеп директоры:

Олар басында қорқатын. Оқу барысында мұғалімдердің қолдауымен үйреніп кетті. Бүгін осы қоғамға керек адам екенін дәлелдеп, жүргізуші куәлігін алды.

Сәлімхан қазір екі автокөліктің иесі. Ресейдің Челәбі қаласында көлікті қолмен басқаратын қылып жөндеткен. Яғни, автоматты трансмиссия және жылдамдықты реттеу жүйесі жеңілдетілген.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу