Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстанның театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады. Кездесуде ұлттық театрлардың жай-күйі мен кинематография саласының ахуалы жөнінде әңгіме қозғалды. Сонымен қатар Қазақстанның театр қайраткерлері одағының мәртебесін арттыру мәселесі сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев театр мен кино саласының дамуына ерекше көңіл бөліп, үнемі қолдау білдіретінін атап өтті.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ