Елордадағы жеңіл рельсті көліктің шығыны азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы жеңіл рельсті көліктің шығыны азайды

30.07.2019

Бұл туралы бүгін үкімет отырысында қала басшысы Алтай Көлгінов айтты. Әкімнің сөзінше бүгінгі таңда жоба бойынша бірқатар өзгерістер енгізіліп, нәтижесінде 1 млрд 200 млн АҚШ долларын үнемдеу көзделіп отыр. Ең алдымен ЛРТ аялдамаларының саны 18-ден 11-ге қысқарған. Сәйкесінше жер асты жаяу жүргіншілер жолы да азаяды. Бұл 42 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жолаушылардың қазіргі санын есекере отырып, пойыздар саны да қысқартылған. Олардың жүру интервалы 3 минуттан 10 минутқа ұзарады. Жобаны қайта оңтайландыру нәтижесінде жеңіл релсьті көліктің әрбір шақырымына 68 млн ақш доллары кетеді деп күтілуде.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

Үкімет тарапынан Қытай даму банкінінің қарызынан бас тарту шешімі қабылдынды. Нәтижесінде 800 млн АҚШ долларын немесе 300 млрд аса сомаға қарызға кететін шығыстар бөлігінде республикалық бюджетке түсетін қаржылық салмақты азайтуға мүмкіндік берді.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

Осы кезекте бірқатар атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Астана банкінен аударылған 258 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаражат Нұр-сұлтан әкімдігіне қайтарылатын болады. Жалпы бұл жоба елорданың қоғамдық көлігі саласын дамытуға үлес қосатынына сенеміз.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу