Көлік сатумен айналысатын дилерлердің табысы азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлік сатумен айналысатын дилерлердің табысы азайды

25.09.2015
Көлік сатумен айналысатын дилерлердің табысы азайды

Көлік сатумен айналысатын дилерлердің табысы азайды. Қазақстандық автобизнес қауымдастығы таратқан мәліметке қарағанда, биылғы 8 айда ресми дилерлер 1,5 миллиард доллар табыс тапқан.

Яғни, былтырмен салыстырғанда, 37,5 пайызға кем. Оған көлік саудасының тұралауы ықпал еткен. Әсіресе, соңғы айда елімізде темір тұлпар сатылымы 22 пайызға төмендеген. Ішкі нарықта рәсімделген жеңіл көліктің 7/1 ғана отандық өндіріске тиесілі.

Ламбриан ТОПУЗИДИС

Хабарламаларға жазылу