Арысты қалпына келтіруге жауапты кей облыстар мен қала басшылары облыс әкімінен ескерту естіді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арысты қалпына келтіруге жауапты кей облыстар мен қала басшылары облыс әкімінен ескерту естіді

29.07.2019

Өмірзақ Шөкеев Нұр-Сұлтан, Шымкент, БҚО-на тиесілі секторларды аралап көріп, кемшіліктерін тізіп берді. Бұл аумақтарда іс өнбей жатыр. Жөнделмеген үйлер жетерлік. Жұмыс қарқыны — бәсең. Үдетпесеңіздер, үлгермейсіздер,- деді аймақ басшысы. Ең бастысы, тұрғындармен тіл табысып, тірлік ету қажеттігін ескертті. Осы арада Атырау, Павлодар облыстарын үлгі етті. Аталған аймақтардың штабтары үйлерді толықтай бұзып, нәтижелі жұмыс істеуде. Жалпы, Арыс қаласында 8466 үй бар. Оның 315- і жарылыстардан кейін жарамсыз болып қалған. Бас-аяғы 7157 үйге зақым келген. Бүгінде соның 7350-не ақау актісі жасалған. 2048 үйде жөндеу жұмыстары аяқталып, өз иелеріне тапсырылды. 359 үйдің құрылысы енді басталады.

 


 

Хабарламаларға жазылу