Бүгін Мемлекет басшысы қызметтік борышын атқару кезіндегі көрсеткен ерліктері үшін марқұм Қаныш Нұртазиновты және жарақат алған Самат Оспановты мемлекеттік наградамен марапаттады. Браконьер-қарақшылардың қолынан қаза тапқан Нұртазинов Қаныш Серікұлын І дәрежелі «Айбын» орденімен, ал жарақат алған Оспанов Самат Қошбергенұлын ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтау туралы қаулыға қол қойды.
Асима Нұрбайқызы