Жайық-Каспий бассейніне 7 млн-нан астам шоқыр шабағы жіберілді. Бұл брендке айналған бекірені көбейтуге мүмкіндік береді. Жыл сайын мемлекеттік тапсырысты толығымен орындайтын мамандар өткен жылы да табысқа кенелді.
Былтыр 7 млн-ға жуық шабақ су айдынына жіберілді. Қолдан ұрықтандыру арқылы уылдырықтан шабақ шығару әдісі облыста жыл өткен сайын сәтті жүзеге асуда. Шабақтардың салмағы талапқа сай. Әрқайсысы 7-16 грамм шамасында. Құс пен жыртқыш балыққа жем болмай, тіршілік етуін жалғастырса, шоқырдың салмағы 20 келіге дейін барады.
Мәншүк Темешева, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы:
Бұл шабақтардың жақсы өсірілгенін көрсетеді. Қоректенуі дұрыс болған. Салмақтарының үлкен болуы, қоршаған ортаға жіберілгенде тез бейімделіп, өсіп-өніп кетуіне қолайлы жағдай жасайды.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бекіре тұқымдас балықтар айдынға жіберілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/65988/)