«Зерен-2019» республикалық жастар білім лагерінің бірінші ауысымының жұмысы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Зерен-2019» республикалық жастар білім лагерінің бірінші ауысымының жұмысы жалғасуда

08.07.2019

 «Зерен-2019» республикалық жастар білім лагерінің бірінші ауысымының жұмысы жалғасуда. Еліміздің әр өңірінен келген көшбасшы жастар кәсіпкерлік ойлауды дамыту, идеяларды қаржыландырудың және ауқымын арттырудың жаңа тәсілдерімен танысты. Лагерь жұмысы шілденің соңына дейін жалғасып, бас-аяғы 600 жас қамтылады. Ал қатысушылар әзірлеген жобалардың ішінен үздік отызы іріктеліп, оларды қолдауға 15 миллион теңге қаражат бөлінеді. Үнемі ізденісте жүретін жігерлі жастар, министрге де сауалдарын жаудыртты. Себебі олар үшін қоғамның барлық саласы қызықты. Министр Дәурен Абаев та олардың сұрақтарына тұшымды жауап беріп, қазіргі жастардың өте дарынды екенін атап өтті.

 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

 

Бұл жерге Қазақстанның талантты жастары келіп, өздерінің мүмкіншіліктерін, қабілеттерін, кәсіби жағын жақсартуады, мастер-класс, лекциялар арқылы. Еліміздің қай салада болсын, қай жақтан келмесе де өздеріңіз жақсы білесіздер, біз оларды көбіне бағалай бермейміз, өте талантты. Көздері ашық. Біз сол жастарымызға кішкене көмек беріп, серпін беріп жіберсек, менің ойым еліміздің де, жастардың да болашағы зор деп ойлаймын.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу