Арысты қалпына келтіру жұмыстары қарқын алды. Жөндеу жұмыстарын жеделдету үшін қала бірнеше секторға бөлінген болатын. Оған әр өңір жауапты. Бүгінде Атырау облысының құрылысшылары 482 үйді жөндеуге кірісіп кетті. Соның ішінде 24 үй жарылыстың салдарынан жермен жексен болған. Ал қалған үйлердің терезелері сынып, төбесі қираған. Құрылыс біткенше облыс әкімінің орынбасары бастаған жауаптылар Арыста болады. Жөндеу жұмыстарына бірнеше техника мен 500-ге жуық адам жұмылдырылған.
Нұрлан Ноғаев, Облыс әкімі:
Кәсіпкерлердің, мемлекеттік қызметкерлердің, тұрғындардың ашылған шотқа аударған 100 миллиондай қаражаты бүгінгі күнде аударылып отыр. Одан басқа, атыраулықтардың жинаған азық-түлігі, киім-кешегі, басқада тұрмыстық жағдайға қажет заттардың 4 жүк машинасы Арысқа жеткізілді.
Ж.ТЕРМІРҒАЛИ