Төтенше жағдайлардың салдарын жою – жауынгерлік тапсырманы орындағанмен пара-пар. Арыс қаласын арсенал мен оқ-дәрілердің қалдықтарынан тазарту бойынша полигонды тексерген Қорғаныс министрі осылай деді. Дегенмен Нұрлан Ермекбаев сақтық талаптарына баса тоқталды. Яғни инженерлік-саперлік, материалдық-техникалық бөлімшелерге, әскери өрт сөндірушілерге жеке құрамымен қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқама берілген. Естеріңізге салсақ, қалада жарылмаған оқ-дәрілерді тиеу және шығару және оның қалдықтарын жою операциялары жүріп жатыр. «Бірақ бұл жұмыстар тұрғындарға еш қауіп туғызбайды»,-деді ведомство басшысы.
Нысаналы ЫҒЫЛ