Қазір Нұр-Сұлтан қаласын білмейтін ел жоқ. Бітімгерлік пен бейбітшіліктің бастамасы деп таниды. Ажарлы, сұлу, шырайлы шаһар деп келеді.
Бұл кадрлер қазақтың жаңа көшке ілескен сәтінен көрініс. Ұлы көшті бастаған – Нұрсұлтан Назарбаев. Тап осы сәттен бастап Қазақ елі тарихтың жаңа бетін ашты.
Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Ақмолада үлкен халықаралық жиын болды. Онда әлем президенттері қатысты. Сонда Ислам Карим сөз сөйледі. «Қазақстанның астанасын шырайлы Алматыдан осындай Ақмолаға көшіру үшін Аттың кәлласындай жүрек керек» деп. Сондай жүрек Н.Назарбаевта бар деді. Шынымен, ойлап қарасаң үлкен жауапкершілігі бар ғой. Астананы бір қаладан бір қалаға көшіру деген оңай емес. Оның үстіне Қазақстан енді ғана аяғынан тұрып келе жатқан мемлекет болатын ол кезде. Экономика бар, басқа жағы бар. Шынымен, Ислам Әбдіғалиұлы айтқандай, аттың басындай жүрек керек.
Әлемдегі ең жас астана, қазір әлем үшін ең маңызды қала. Ал Қазақ елі үшін Бас орда — Бақ Ордаға айналды. Тәуелсіздіктің елең-алаңында елдің солтүстік өңірлерінің тағдыры алаңдатты. Ақмоладағы тұрғындардың 9 пайызы ғана қазақ болған, ал Қарағанды, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы қандастардың үлесі 7 пайызға әрең жететін. Астананы орталыққа көшірудің тағы бір себебі осында.
Мырзатай Жолдасбеков, Мемлекет және қоғам қайраткері:
Өзі көшіп бара жатқанда ұшаққа табанын тіреп тұрып «біз Алматыға сыймай кетіп бара жатқан жоқпыз. Алматыны қимай кетіп барамыз» деді. Өйткені біз одан кеш қалсақ, онда біз жаңағы 5 облыстан айырылатын едік. Бізді Құдай сақтады. Нұрсұлтан сақтады. Сөйтіп ата-бабадан қалған жерді қазақ өзі иелік етіп қалды.
Елорда бүгінде бітімгер қалаға айналды. Ресей мен Түркияны татуластырды. Украйна мен Ресейге арағайындық танытты. Сирияның тағдыры да тап осы қазақ елінің астанасында шешіліп жатыр. Мұның бәрі Елбасының халықаралық шешімдер қабылдаудағы еселі еңбегінің арқасы. Қазір Елорда қайнап жатқан үлкен қазан іспетті. Қазақстанның жаңа мәдениеті, жаңа кескіні, жаңа экономикасы осы жерде жасалып жатыр.
Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:
Англияға барған кезде Маргэрет Тэтчерге барып, арнайы жолығып, шәй ішіп. Тэтчердің айтқан сөзі бар, «Дүниеде санаулы 4-5 әлемдік қайраткер болса, соның бірі - Н.Назарбаев» деген.
Қазір Елбасы мен Елорда - егіз ұғым. Тұңғыш Президенттің жаңа астананы салудағы еңбегі ерен. Сол себептен де Астананың атауына Елбасының есімі берілді.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ